«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында «жалпыға бірдей оқыту» қоры аясында 2023 жылғы 2 тамыздан 15 тамызға дейін 40567 т мөлшерінде біржолғы жәрдемақы түрінде материалдық көмек көрсетуге құжаттар қабылдау жүзеге асырылады.
Материалдық көмек мынадай санаттағы балаларға көрсетіледі: АӘК алатын отбасылар; жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар; жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; төтенше жағдайға тап болған отбасылар; алқалы органның шешімі бойынша айқындалатын басқа да санаттардан.
Құжаттарды қабылдауды мектептің әлеуметтік педагогы жүзеге асырады. Материалдық көмек көрсету бойынша қызықтырған сұрақтар бойынша «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектебі» КММ-не, Победа к-сі,5, анықтама телефоны 8-7152-47-51-89 мекенжайы бойынша хабарласуға болады.