2024 жылдың 18 наурызы № 9 орта мектепте М. Жұмабаев атындағы Жоғары педагогикалық колледж өкілдері 9-11 сыныптардың оқушыларына кәсіби бағыт бағдар беру іс шарасын өткізіп, білім алу мүмкіндіктерімен таныстырды. Мамандықтар мен оқу мерзімі туралы ақпарат берілді. Оқушылар оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, бағдарламалық қамтамасыз ету және тағы басқа бағыттардың кең ауқымымен танысты. Сондай-ақ, жатақханадағы тұрмыс жағдайы мен білім алуды қолжетімді етіп, оқуда белсенділікке ынталандыратын қаржылық қолдау туралы да айтылды. Іс-шараға қатысушылар ақпаратты толықтырып, кәсіби салада өз жолын таңдауға шабыт көзі болған бейнероликті тамашалады.