20 қарашада атап өтілетін Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында мектепте дәстүрлі шығармашылық конкурстар өтеді: 7-8 сыныптардың параллельдерінде «адам құқықтарын қорғаудағы балалар» плакаттар конкурсы, 9-11 сыныптар арасында «Барлығына арналған құқықтар»плакаттар конкурсы.
Конкурстардың мақсаттары мен міндеттері:
1.Балалар мен жасөспірімдерді өз құқықтарын зерттеуге, оларды қорғай білуге тарту;
2.Балалардың бойында төзімділікке, өзара түсіністікке және басқаларға құрметпен қарауға тәрбиелеу арқылы ата-аналардың, педагогтардың, жұртшылықтың назарын толеранттылық мәселелеріне аудару;
3.Балалардың бейнелеу шығармашылығын дамытуға ықпал ету.
Әдеттегідей, үздік жұмыстар грамоталармен белгіленеді.
С