Қауіпсіздік айлығы аясында бесінші сынып параллелінде «жүргізушіге хат»акциясы өткізілді. Хаттарда балалар жолдардағы қауіпсіздік мәселелеріне өз көзқарастарын, жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсініктерін білдірді; оларды не мазалайтыны, жолдарда қандай проблемаларға тап болатыны туралы айтты;
— жүргізушілерді жол қозғалысының басқа қатысушыларына (жолаушыларға, жаяу жүргіншілерге, т.б. жүргізушілерге), жолдағы жүріс-тұрыс мәдениетіне мұқият қарауға шақырды.
Аталған акцияның мақсаты: қауіпсіз жол қозғалысын насихаттау.
Тапсырмалар:
— жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сана деңгейін арттыру;
— балалар мен ересектердің назарын жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне аудару;
— жол қозғалысының барлық қатысушыларының мәдениетін, өзара сыйластығын, жол этикетін тәрбиелеу.