school9-sko

Жаңа жылға арналған іс-шаралар

Жаңа жыл — әр үйде, әр отбасында асыға күтетін ең сүйікті, таңғажайып, сиқырлы мереке. Бірақ біздің балаларымыз сияқты ешкім жаңа жылдық ғажайыпты, сиқырлы өзгерістер мен шытырман оқиғаларды шын жүректен күтпейді.

Сондықтан да біздің мектептің Жаңа жыл мерекесіне деген дайындығы ерекше. Мереке кезінде мектеп оқушылар үшін білім алатын орын ғана емес, сонымен қатар сиқырлы орынға айналуы керек.

Жаңа жылдың ажырамас атрибуты — жаңа жылдық әшекейлер. Сондықтан безендіру Жаңа жылдық мерекенің  жыл сайынғы міндетті атрибуты болды. 2024 жылды қарсы алу аясында және эстетикалық тартымды жаңа жылдық ортаны құрудың үздік көркемдік және дизайн шешімдерін анықтау мақсатында мектебімізде фотозоналар әзірленді. Безендіруге 1-11 сынып оқушылары қатысты.

Мектеп фойесіндегі сиқырлы шырша ағашы бастауыш сынып оқушыларының жұмыстарымен безендірілген.

1-2 сыныптар «2024 жылдың символы»

3-4 сыныптар «Шырша ойыншықтары»

1-4 сыныптар «Өз қолыңмен шырша жаса!»

5-6 сынып «Жаңа жылдық ертегі»

7-8 сынып «Жаңа жыл ошағы»

9-11 сынып «Айдаһар-2024 символы».

Жаңа жылдық мектеп линейкасында үздік жұмыстарды  Аяз ата марапаттады.

Мектеп фойесінде Оқушылар мен мұғалімдерге арналған «Жаңа жылдық пошта» орнатылды.

Бастауыш сынып оқушылары 26, 28 желтоқсан күндері Н.Погодин атындағы облыстық театрда «Золотой ключик» жаңа жылдық қойылымын тамашалады

Сондай-ақ мектепте тақырыптық апталық өткізілді, оған мектеп мұғалімдері де, оқушылар да қатысты.

Апталықты мектеп оқушыларына арналған «Өлең айтып, «мандариндық» көңіл-күй ал» атты іс-шарамен аштық.

Оқушылар бұл шараға үлкен ықыласпен қатысып, сыйлық ретінде Жаңа жылдың «мандарин» атрибутын алды.

25 желтоқсан – «Жаңа жылдық қалпақ күні»

26 желтоқсан – «Жаңа жылдық шұлық күні»

27 желтоқсан – «Жаңа жылдық жемпір күні»

28 желтоқсан — «Жаңа жылдық Косплей күні».

26 желтоқсанда 10-11 сынып оқушылары арасында «Жаңа жыл бізге қарай асығады» тақырыбында викторина өткізілді.

Жаңа жыл апталығының соңында 29 желтоқсанда мектеп мұғалімдеріне арналған «Жаңа жыл бізге қарай асығады» атты жаңа жылдық викторина өткізілді.

Жаңа жылдық атмосфера мектебіміздің әр бұрышын толтырып, ешкімді бей-жай қалдырмады.

Біз Жаңа 2024 жылға жаңа күштермен және позитивпен кіреміз!!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх