school9-sko

«Звёзды Демеу» облыстық фестиваліне қатысу

2024 жылдың мамыр айында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдауға және дамытуға бағытталған жыл сайынғы облыстық «Звёзды Демеу» фестивалі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасау, сонымен қатар балалар арасында шығармашылық байланыстар мен достық қарым-қатынас орнату болды.

Фестиваль келесі номинациялар бойынша өтті:

  • бейнелеу өнері;
  • көркем сөз және жатқа оқу сайысы;
  • шығармашылық байқау;
  • хореографиялық өнер байқауы.

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ-ден фестивальдің түрлі бағыттары бойынша өздерін көрсете білген 19 оқушы лайықты өнер көрсетті. Барлық қатысушылар жүлделі орындарға ие болды, I дәрежелі лауреат атанды және дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бұл жетістік балаларға қолдау, өз күштеріне сенімділік пен үлкен шығармашылық алаңда өзін көрсету мүмкіндігін қамтамасыз еткен педагогтардың, инклюзияны қолдау кабинеті мамандарының және ата-аналардың бірлескен жұмысының нәтижесі болды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх