Отбасы күнімен құттықтаймыз!
Ересектер мен балаларға
бақыт пен денсаулық тілейміз.
Әрқашан бір-біріңізді сүйіп,
қуанта біліңіздер және түсіністікпен қараңыздар!
«Менің сүйікті бала бақшам» экскурсиясы
«Бірыңғай білім беру бағдарламасын» жүзеге асыру аясында ортаңғы топ тәрбиеленушілері шағын орталықпен таныстырылды. Балалар бүкіл шағын орталықты аралап шықты. #Birtutas_tarbie / #Біртұтас_тәрбие
әдіскер кабинетінде болды
логопед, психолог, медбике кабинеттерін аралады
Оларға ең ұнағаны асханаға бару және аспаздармен танысу болды. Балаларға түскі асты дайындау барысы көрсетілді.
Экскурсия өте танымды болды, балаларға қатты ұнады!
Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шара
«Қазақша қалай балақай?»
«Бірыңғай білім беру бағдарламасын» жүзеге асыру аясында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Балтабекова Махпал Курмановна мектепалды тобының балаларымен «Қазақша қалай балақай?» атты іс-шара өткізді. Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шара. Мақсаты – Қазақстан территориясын мекендеген халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу. Тілдерді үйренуге, білуге деген құрмет пен құштарлыққа тәрбиелеу. #Birtutas_tarbie / #Біртұтас_тәрбие
«Әкем – мақтанышым» отбасы күніне арналған іс-шара
«Бірыңғай білім беру бағдарламасын» жүзеге асыру жоспары бойынша шағын орталық «Әкем – мақтанышым» байқауына қатысты. #Birtutas_tarbie / #Біртұтас_тәрбие