school9-sko

10-11 сынып оқушыларының Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының спикері – Толганай Вагизовна Мустафинамен кездесуі

2024 жылдың 24 қыркүйегінде «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ-де республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының спикері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD дінтану пәнінің оқытушысы Толганай Вагизовна Мустафинамен 10-11 сынып оқушыларының кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты оқушыларда тұрақты антиэкстремистік сананы қалыптастыру, сондай-ақ діни экстремизммен күрес мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілікті арттыру болды. Кездесуде «Діни бейтараптықтың негізгі принциптері», «Деструктивті діни ұйымдардың жастарға әсер ету әдістері», «Радикалды діни ағымдардың құрбаны болмаудың жолдары» және «Вербовка әдістері», «Ақпараттық гигиена» сияқты өзекті тақырыптар талқыланды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх