school9-sko

Қазақстандағы Еңбек күніне арналған іс-шаралар

Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі, бұл мереке 2013 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілген. Мақсаты балалардың жастайынан еңбектің маңыздылығын сезініп, мамандықтарды құрметтеу дәстүрлерін жаңғырту.

Осы мереке қарсаңында мектепте 1-11 сыныптар арасында «Еңбекпен адам ұлы және даңқты»» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты мен міндеттері: балалардың еңбектің қоғам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту; еңбекке және еңбек адамдарына құрмет пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу; еңбектің адам өміріндегі қажеттілігін көрсету; сондай-ақ оқушылардың негізгі мақсаты оқу екеніне көз жеткізу.

Сонымен қатар, 6-сынып оқушылары «Менің ата-анамның мамандығы» атты фотоколлаждар байқауына қатысты. Мақсаты: балаларды ата-аналарының әртүрлі мамандықтарымен таныстыру, ата-аналарды балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі бірлескен іс-шараларға баулу. Ең үздік жұмыстар, дәстүр бойынша, мектеп линейкаларында грамоталармен марапатталады.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх