Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу бойынша белсенді жұмыс формаларын енгізу және оқу уақытынан тыс іс-шараларды ұйымдастыру («дөңгелек үстелдер», конференциялар, құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер, рөлдік ойындар, пікірталас формалары, дебаттар, жобалық технология, практикалық сабақтар, буклеттер, коллаждар жасау, анкета жүргізу және т.б. Іс-шаралар онлайн режимде және штаттық форматта өткізіледі).
Оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Адал Ұрпақ» клубының жұмысы ұйымдастырылды. Клуб құрамына 9-11 сынып оқушылары кіреді. Клубтың жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Негметжанова Гулия Шарипжановна.
Клубтың міндеттері:
-рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиеге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
-оқушылардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін нығайту;
-Оқушыларда құқықтық білім қалыптастыру.
- 09.09-тен 21.09-ке дейін 1-11 сыныптарда ата-аналар жиналыстары өткізілді, олардың барысында ата-аналар 2023 жылдың 3 тамызында шыққан мектеп бойынша №217 бұйрығымен «Ақша жинауға тыйым салу» туралы таныстырылды. Сонымен қатар, бұл бұйрықпен оқу орнының барлық қызметкерлері танысып, танысқаны туралы қолтаңба қойды.
- Мұғалімдердің осы мәселеге қатысты ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері құқықтық білім беру аясында педагогикалық ұжымның, сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктердің өткізілетін мәжілістерінде қаралады.
- Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітілді — Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес әзірленген, «Ахмет Байтурсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ қызметінің барлық салаларында тыйымдар, шектеулер мен рұқсаттардың жүйесін құрайды, сонымен қатар ҚР заңнамасы талаптарына және Халықаралық еңбек ұйымының талаптарына сәйкес Этикалық кодекс енгізілген.
- Директор жанындағы мәжілісте мұғалімдердің ішкі тәртіпті сақтау және этикалық мінез-құлық мәселелері қарастырылады (қол қойып).
- Бюджет қаражатын жұмсау туралы ақпарат мектептің сайтында «Мемлекеттік сатып алулар» бөлімінде орналастырылады.
- Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірге педагогикалық ұжым арасында «Брейн-ринг» ойын түрінде адалдық сағаты өткізілді.
- Мектептің сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» және «Адал Ұрпақ» айдары бар, оларда мектептің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу бойынша жұмыстары көрсетіледі.
- «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі «Жемқорлыққа жол жоқ деп айт!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.