school9-sko

Рухани келісім күні

18 қазан күні Қазақстанда жыл сайын Рухани келісім күні аталып өтеді – бұл күн қақтығыстар мен соқтығыстарға мораторий күні, татуласу күні, мейірімділік пен жақынға көмек көрсету күні.
Бұл дәстүрдің бастауы 1992 жылдың қазан айында Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматыда өткен Дүниежүзілік Рухани Келісім Конгресінің бірінші сессиясынан қаланды.
Мерекеге дайындық барысында кітапхананың оқу залында «18 қазан – Рухани келісім күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде халықтың бірлігі мен ұлтаралық келісімге арналған кітаптар мен иллюстрациялық материалдар ұсынылған.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх