Қазақстан Республикасы күніне орай өткізіліп жатқан іс-шаралар аясында, мектепте 1-11 сынып параллельдерінде сынып сағаттары өткізілді, сонымен қатар 1-2 сынып параллельдерінде «Менің үйім — гүлденген Қазақстан» сурет байқауы өткізілді. Оқушылар бұл байқауға белсенді қатысты. Өз суреттерінде Отан туралы түсініктерін білдірді. Барлық қатысушылар мектепішілік жиындарда құрмет грамоталарымен марапатталады.
Мақсаттар мен міндеттер: қатысушылардың бойында патриоттық және өз Отанына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.
#біртұтас_тәрбие