16 қараша бүкіл әлемдегі ең мейірімді және ең қажетті мерекелердің бірі — Халықаралық толеранттылық күні! Бұл сөздің мағынасын бәрі бірдей біле бермеуі мүмкін, бір қарағанда ол мүлдем түсініксіз болып көрінеді. Бірақ оның алатын мәні адамзат қоғамының өмір сүруі мен дамуы үшін өте маңызды. Заманауи мәдениетті адам – тек білімді адам ғана емес, сонымен қатар өзіне деген құрметі бар және айналасындағылар тарапынан құрметке ие адам. Толеранттылық адамның, топтың, жалпы қоғамның жоғары рухани және интеллектуалдық дамуының белгісі болып саналады. Толеранттылық басқа өмір салтына, мінез-құлқына, әдет-ғұрыптарына, сезімдеріне, пікірлеріне, идеяларына, сенімдеріне төзе білуді білдіреді. Ол белгілі бір жағынан бізден ерекшеленетін адамдармен жақсы қарым-қатынас орнату және сақтау қабілетін білдіреді. Осы мереке қарсаңында «Біз бәріміз әртүрліміз, біз бәріміз теңбіз» атты көрме ұйымдастырылды.