2024 жылдың 22 қарашасында кәсіптік бағдар беру жобасы аясында 9-сынып оқушылары «№3 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК-на барды.
Оқушыларды емхананың негізгі міндеттерімен таныстырды:
1) халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
2) халық арасында профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
3) халықты медициналық тексеруді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4) халықты санитарлық-гигиеналық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау.