25 қарашада 9-сынып оқушыларына «Сепаратисты Северного Казахстана» бейнефильмі көрсетілді. Балаларға «сепаратизм», «экстремизм», «саяси мәдениет» ұғымдары туралы түсінік берілді.
Бейнематериал жастарды радикалды идеялардың теріс әсерінен қорғау үшін, 9-сыныптан бастап оқушының саяси мәдениетін қалыптастыру мақсатында көрсетілді. Өйткені, саяси мәдениет, ең алдымен білімге негізделеді. Бұл адамға қоршаған әлемде бағдарлануға, саяси ақпаратты бағалауға көмектеседі.