Жануарлар адам өмір сүретін тірі табиғат пен экологиялық жүйенің ажырамас бөлігі болып табылады, ал адамдардың оларға деген көзқарасы қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Экологиялық тәрбие аясында балалар, ата-аналар, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ педагогтары кезекті рет «Жүнді досыңа көмек қолын соз» экологиялық жобасына қатысты.
Біздің мектепте әлеуметтік-экологиялық-адамгершілік тәрбие арқылы жануарларға деген сезімтал қарым-қатынас — бұл сән емес, кезекті қызығушылық емес, бұл бағыт ақпараттық, тәжірибеге бағытталған сипатқа ие, балаларда толеранттылықты, мейірімділікті қалыптастырады, жануарларға деген көзқарас туралы алғашқы білімді, үйсіз жануарларға көмек пен қолдауды қалыптастырады.
Аталмыш жобаның өзектілігі – дамуы өзгеше балаларды адамгершілік рухында тәрбиелеу, яғни біздің кіші бауырларымызға және барлық қоршаған әлемге деген құрметті қалыптастыру. Маңызды аспектілердің бірі – иесіз жануарларға көмек көрсету мен қолдау туралы түсініктерді кеңейту.