school9-sko

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» акциясы

9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні.

Бұл күні «Адал ұрпақ» ерікті клубының мүшелері А.Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектебінің оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» акциясын өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісіне тарту, белсенді азаматтық ұстаным көрсету.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді жұмыс жүргізу мақсатында, «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» ақпараттық парақшаларын тарату ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлықтың көптеген түрлері бар. Олардың бәрін біліп, олармен кез келген жағдайда күресу керек.

Жастардың қатысуынсыз бұл мәселені жою мүмкін емес. Барлығымыз бірігіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруымыз керек «Ел болашағы жастардың қолында».

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх