31 қаңтарда «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектеп» КММ тірек мектеп ретінде Республикалық «Нысаналы мектеп» жобасы аясында «№ 42 орта мектеп» КММ осы жобаға қатысушы-мектепке арналған ZOOM — конференциясын ұйымдастырды. Спикерлер ретінде ағылшын тілі мұғалімдері Б.Х. Шамшиева мен К.А. Щупановская сөз сөйледі. Олар оқытудың маңызды мәселелерінің бірі «Ағылшын тілі сабақтарында үлгерімі төмен және дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» бойынша өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісе отырып, әріптестеріне әдістемелік қолдау көрсетті. Б.Х. Шамшиева мен К.А. Щупановская ағылшын тілі мұғалімдері ӘБ-нің оқу процесіне тек мықты ғана емес, сонымен қатар оқу мотивациясы төмен оқушыларды тарту мақсатында сабақтарда қолданатын ең тиімді әдістемелік тәсілдерді, дидактикалық ойындар мен интернет – ресурстарды көрсетті.





