Республикалық жоба шеңберінде 2025 жылғы 31 қаңтар «943-нысаналы мектептерді дамыту» бағдарламасы бойынша «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектеп» КММ тірек мектебі мен «№ 42 орта мектеп» КММ нысаналы мектеп арасында «Мектепте дарынды және үлгерімі төмен білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша педагогтардың жұмыс жүйесін ұйымдастыру» тақырыбында онлайн-конференция өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтары: Р.Ж. Жетписова, А.С. Кожабекова, Г.Р.Насырова, А.Х.Исаева, А.Б.Қалау үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс тәжірибесімен, сондай-ақ мемлекеттік тілді оқытуды ынталандыруға бағытталған әдіс-тәсілдермен бөлісті. Оқушылардың оқудағы сәтсіздікті және төмен ынтасын жеңу үшін сабақта сараланған тапсырмалардың қалай қолданылатынын айтты.





