2025 жылғы 10 ақпанда жұмысшы мамандықтар жылын өткізу шеңберінде, 9 -11 сынып оқушылары үшін СҚО «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-на экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның мақсаты жол материалдарының сапасын бақылаудың заманауи әдістерімен, технологиялық процестермен және жабдықтармен таныстыру болды.
Экскурсия барысында балалар жол жамылғысының үлгілеріне сараптама жүргізілетін зертханалармен танысты. Оларға битумның беріктігі мен тығыздығы, сондай-ақ жол төсемін төсеу кезінде оны одан әрі пайдалануда сыналатын жабдықтар көрсетілді. Оқушыларға зертханада сыналатын қайта өңделген материалдың көрнекі үлгілері көрсетілді. Зертхана меңгерушісі жол төсемінің құрамына кіретін құрылыс материалдары туралы айтып берді.