1 наурыз — күнтізбеде жақында ғана ерекше күн болды. Бұл көктемгі күн ашық жүректердің жарығы мен жылуына толы, тілектердің шынайылығына толы. Өйткені дәл осы күні 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. «Біз бұл мейрамды 1 наурыз күні барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға, мейірімділік танытып, осы адамдарды өздеріне бауыр етіп қабылдағандарға алғыс айту күні ретінде бірге атап өтетін боламыз. Бұл күн Қазақстан халқының бір-біріне деген мейірімділігі, достығы, сүйіспеншілігі мен бірлігінің жарқын мерекесіне айналуы мүмкін», – деді біздің Президентіміз.Алғыс айту күніне орай біздің шағын орталықта «Жүректен жүрекке» атты алғыс айту шеңбері өткізілді. Балалар шағын орталық қызметкерлеріне, ата-аналарына алғыс сөздерімен жүрек сыйлады, өйткені қайырымдылық — бұл мінез-құлықтың қасиеті, оны біз балаларда балабақша кезінен бастап тәрбиелеуіміз керек.




