«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ-де халықаралық PISA зерттеуіне дайындыққа бағытталған «Өзіне деген сенімділік – табыс кілті» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Іс-шараны педагог- психолог Попова Т.В. мен сынып жетекшілер бірігіп өткізді.
Тренинг өз-өзіне сенімділікті, қобалжумен күресу және стандартты емес жағдайларда білімді тиімді қолдану қабілетін дамытуға бағытталды. Тренинг барысында оқушылар зейінді арттыруға, эмоцияларды басқаруға және логикалық ойлауды дамытуға арналған жаттығуларды орындады.
Педагог психолог өз-өзіне деген сенімділіктің жоғары деңгейі мектеп оқушыларына сынақтарды сәтті тапсырып қана қоймай, оқуда және өмірде жетістікке жетуге көмектесетінін атап өтті. Сынып жетекшілері академиялық біліммен қатар психологиялық дайындықтың маңыздылығын атап өтті, өйткені PISA тек пәнге қатысты дағдыларды ғана емес, сонымен қатар білімді нақты өмірлік жағдайларда талдау, дәлелдеу және қолдану қабілеттерін де тексереді.




