2025 жылғы 12 наурызда Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде «Жұмысшы кәсіптері қаласы» Ашық есік күні өтті. Бұл іс-шараға «А.Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектеп» КММ 9 сынып оқушылары қатысты.
Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі өңіріміздің жетекші оқу орындары және қала мен Облыстың еңбек нарығы үшін білікті мамандар даярлаудың негізгі орталығы болып табылады. Колледжде студенттер 9 мамандық және 15 біліктілік бойынша оқиды. Мектеп оқушыларына техникамен, жайлы зертханалармен және шығармашылық шеберханалармен жабдықталған заманауи аудиториялар ұсынылды. Мұның бәрі студенттерге оқу процесіне тереңірек енуге және дағдыларын дамытуға көмектеседі.


