school9-sko

«СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС «CLAAS» зауытына бару.

2025 жылғы 14 наурызда 9 сынып оқушылары «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС — CLAAS және HORSCH ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жөніндегі неміс-қазақстандық бірлескен кәсіпорнына барды.

Экскурсия барысында оқушылар заманауи аграрлық техникамен танысты: CLAAS xerion тракторлары, CLAAS xerion комбайндары, HORSCH Sprinter егіс кешендері және CLAAS орақтары.

Оқушылар биыл ашылған дуальды оқыту орталығына барды. Кәсіпорын  «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжімен» дуальды білім беру жүйесін енгізу туралы келісімдер жасасты. Осы Келісім аясында CLAAS ауылшаруашылық техникасын құрастыру зауытында дуальды оқытумен айналысатын оқу орталығы ашылды. Оқушылар осы орталықтың жұмысымен танысты.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх