2025 жылдың 10 сәуірінде «А.Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ 9 сынып оқушылары «ЗИКСТО» АҚ-ға барды.
«ЗИКСТО» АҚ-Теміржол жылжымалы құрамын жөндеумен және өндірумен айналысатын кәсіпорын. Оқушыларды зауыттың тарихымен таныстырып, дәл осы жерде алғашқы Қазақстандық вагон шығарылғанын айтты. Оқушыларға жүк вагондары мен платформалар жасау процесі көрсетілді. Кәсіпорын өкілдері мамандар жұмыс істейтін мамандықтар туралы, сондай-ақ тиісті білім алуға болатын оқу орындары туралы ақпарат берді.


