2025 жылдың 14 сәуірінде «А.Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ-нің 10-сынып оқушылары Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің кинологиялық қызмет көрсету орталығына барып, кинолог мамандығымен танысты. Оқушылар кинологтың кім екенін және немен айналысатынын білді. Полицейлер балаларға иттерді үйретуде қолданылатын құралдардың арсеналын көрсетті, сондай-ақ үйрету тәсілдері туралы айтып берді, өз үй жануарларымен таныстырды.





