2025 жылғы 17 сәуірде «Патриот» айлығы аясында тарих пәнінің мұғалімі Н.С. Дизендорф «Ерлік. Батырлық. Жауынгерлік рух» тақырыбында ерлік сабағын өткізді. 9А сынып оқушыларымен кездесуге құрметті қонақтар қатысты: Ұлттық ұлан академиясының оқытушысы Подполковник Жумалиев Ринат Чапханович; Петропавл қ. ТЖБ бөлімше командирі – Токин Балхат Жаксылыкович; Петропавл қ. ТЖБ инженері – Абілкарім Арман Ринатұлы; ППБ қызметінің аға инспекторы полиция капитаны Еменалин Санат Аскарович.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында ерлік, парыз, ар-намыс, жауапкершілік және адамгершілік туралы түсінік қалыптастыру.
Міндеттері:
– жас ұрпаққа әскери қызметшілердің, Отан қорғаушылардың ерліктеріне құрметпен қарауды дарыту;
– жастардың Отанды қорғауға дайындық сезімін қалыптастыруға ықпал ету.
Қонақтардың әрқайсысы оқушыларға өздерінің ерлік тарихтарын айтып берді, ал оқушылар өз кезегінде қонақтарға қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.
– Адамдарды құтқару алдында қорқыныш, өз өміріңіз үшін алаңдаушылық болды ма?
– Сіздердің мамандықтарыңыздың өкілдері қандай қасиеттерге ие болуы керек?
– Төтенше жағдайларда үрейге бой алдырмай, рухани төзімділікті шыңдауға бола ма?
– Адамдарды құтқарғаннан кейін қандай сезімде боласыз?
– Осындай маңызды мамандықтарды таңдағалы жүргендерге қандай кеңес берер едіңіз?
Мұндай кездесулер жастарға Жер бетіндегі бейбітшілікті түсінуге және бағалауға, сондай-ақ әрбір ерліктің артында адам тағдыры тұрғанын ұғынуға көмектеседі.





