Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында мектебімізде дәстүрге айналған «Балаларға соғыс туралы оқимыз» атты акция өтті, оны мектеп кітапханасы ұйымдастырды. Бұл іс-шара бірнеше жылдан бері бастауыш және жоғары сынып оқушыларын біріктіріп, оларды Ұлы Отан соғысы жайлы, елін қорғаған батырлардың ерлігі мен қайсарлығы туралы естелікті сақтауға баулып келеді.
4-сынып оқушылары 1-сынып оқушыларына соғыс жылдарындағы қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерген балалар мен ересектер туралы, ерлік пен мейірімділік, сенім мен үміт жайлы әңгімелер оқып берді.
Кішкентай оқушылар жүректері толқып, ынта қойып тыңдады. Олардың көбісі үшін бұл соғыс тақырыбымен алғаш рет тереңірек танысу болды.
«Балаларға соғыс туралы оқимыз» акциясы – бұл жай ғана кітап оқу емес. Бұл – ерлік, жады және құрмет сабақтары. Бұл – тарих беттері қайта тіріліп, бізді өткенмен байланыстыратын тірі жіптей жалғасатын ұрпақтар арасындағы диалог.







