Биыл еліміздің күнтізбесі жаңа, маңызы зор мерекелік күнмен толықты — 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып жарияланды. Бұл бастама Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен енгізіліп, қоғамда, әсіресе жастар арасында оқу мәдениетін арттыруға бағытталған.
Кітап — бұл жай ғана білім көзі емес, рухани байлыққа, ұлттық өзіндік сана мен мәдени мұраға бастайтын жол көрсетуші. Осы күні біз кітаптың ұлы күшіне және оны жазатын жандарға құрметімізді білдіреміз.
Осы жаңа әрі маңызды күнге орай мектебімізде «Абай сөзі – ақылдың нұры» атты іс-шара өткізілуде, шара аясында қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, философы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған білгірлер байқауы өтуде. Байқауға 6-сынып оқушылары қатысып, өздерінің білімдерін, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін және Абай шығармаларын терең түсінетіндіктерін көрсетті.






