school9-sko

Кәсіптік бағдар беру іс-шарасы 

«Біздің мамандықтарымыз — біздің лайықты болашағымыз»

2025 жылдың 23 сәуірінде «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Біздің мамандықтарымыз – біздің лайықты болашағымыз» атты ашық есік күніне арналған кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті.

Колледж оқытушылары оқушыларды қабылдау шарттарымен таныстырып, білім алушыларды даярлайтын мамандықтар мен сұранысқа ие кәсіптер туралы айтты. Оқушылар құрылыс жұмыстарын әрлеу бойынша шеберлік сабағына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, олар 3D моделдеу кабинеті, геодезия кабинеті, гидравлика зертханасы, ағаш өңдеу, тас өңдеу және құрылыс-монтаждық жұмыстар бойынша шеберханалар сияқты арнайы кабинеттерді аралап көрді.

Іс-шара аясында оқушылар мамандықтар мен өз болашағын таңдау мүмкіндіктері туралы біле алды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх