school9-sko

«Жыныстық қол сұғылмаушылық» тақырыбындағы дәріс

2025 жылғы 25 сәуірде «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ-де 8–10-сынып қыздарына арналған «Жыныстық қол сұғылмаушылық» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәрісті акушер-гинеколог дәрігер Л.В.Чупрасова жүргізді. Кездесу барысында жеке қауіпсіздік, қол сұғылмаушылық құқығы, өз денесіне құрметпен қараудың маңыздылығы және репродуктивті денсаулықты қорғау мәселелері қарастырылды.

Іс-шара сенімді және ашық атмосферада өтті. Қыздар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, маңызды ақпаратпен танысты. Мектеп әкімшілігі Л.В.Чупрасова-ға ынтымақтастығы мен оқушылар арасында денсаулыққа саналы және жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх