6 мамыр күні мектепте Жеңіс күніне арналған «Сарбаз хаттарын сақтаңдар» атты мерекелік концерт өтті. Концертке жоғары сынып оқушылары, мектептің шығармашылық ұжымдары мен мұғалімдер қатысты.
Майдан хаттары… Олардың қарауытып, жартылай тозған беттерінің артында Жеңістің шексіз адамдық құны жатыр. Майданнан келген хаттарда, олардың жазылған күндерінде, жіберілген жерлерінің атауларында, алдағы операциялар жайлы аз ғана ишараларда және ең бастысы – олардың көңіл күйінде соғыстың шежіресі жатыр.
Бұл хаттар жай ғана куәлік емес — бұл бізге, Жеңіс ұрпақтарына арналған аманат. Есте сақтау үшін. Жеңістің қандай құрбандықтар мен қиыншылықтар арқылы келгенін ұмытпас үшін.
Жер бетіндегі ең қатігез, ең қанқұйлы соғыстың соңғы атыстарының бәсеңдегеніне сексен жыл өтті, бірақ бүгін де «Майдан хаттары» бізге халқымыздың ұлылығын, кең пейілділігі мен кең жүректілігін, кеңес жауынгерінің қайыспас ерік-жігерін, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін түсінуге көмектеседі.
Бұл хаттар әр отбасындағы шежіреге айналып, майдан жолына аттанған сарбаз кеткен қасиетті естелікке айналды…
Олардың арқасында біз сол алыс және қатал күндерге қайта-қайта ораламыз, олардың арқасында біз ұмытпауымыз керек нәрсені есімізде сақтаймыз.















