Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 9-сынып оқушылары өңірдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі – «Радуга» ЖШС-не экскурсия жасады. Бұл ірі өндірістік-дистрибуциялық компания Қазақстан нарығында жетекші орындардың бірін иеленіп отыр. Оқушылар азық-түлік өнімдерінен бастап тұрмыстық және шаруашылық тауарларына дейінгі әртүрлі бағыттағы тауарлардың өндіріс үдерісімен танысты.
Оқушыларға «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС колледжіне түсу мүмкіндіктері мен түлектерге ашылатын болашағы зор перспективалар туралы ақпарат берілді.


