Қағаздан жасалған заттарды тануға үйрету. Оның кейбір қасиеттерін (түсі, бетінің құрылымы, беріктік дәрежесі, қалыңдығы, сіңіргіштігі) және қасиеттерін ( мыжылған, жыртылған,кесілген)анықтау


Звёздочки тобында: «Қағаз еліне саяхат» атты зерттеу іс-әрекеті жүргізілді.
Балаларды түрлі тәсілдер арқылы қағаздың қасиеттерін анықтауға үйрету: қағаз ақ, қызыл, көк және басқа түстерде болады; ол тегіс және кедір-бұдырлы, жұқа және қалың болады; қағаз сықырлайды, оңай мыжылады, мыжылған қағазды түзету қиын; қағаз оңай жыртылады және суға салса еріп кетеді, ол төзімді емес.






«Капельки» ДТ балалармен «Қор жинайтын сабақтар» тақырыбында зерттеу жұмысы жүргізілді. Зерттеу жұмысы барысында балалар сабақтардың суды әртүрлі деңгейде өткізетінін анықтады. Сабақтардың ылғалды жинап, ұзақ уақыт бойы сақтай алатыны белгілі болды. Өсімдіктің тыныс алу мүшелері бар – бұл сабақтар арқылы жапырақтарға су өтетін тесіктер.




«Ягодки» ДТ «Күн, Жер және басқа планеталар» тақырыбында зерттеу жұмысы жүргізілді. Жұмыс барысында барлық планеталардың Күнді айналып жүретіні анықталды. Күн мен түннің ауысуы туралы түсінік қалыптасты. Күн жүйесінің планеталары туралы білімдері кеңейтілді, Күн жүйесінің макеті жасалып, көрсетілді.



«Ягодки» ДТ «Өсімдіктер» тақырыбында зерттеу жұмысы жүргізілді. Балалар бөлме гүлдері, олардың алуан түрлілігі және адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін кеңейтті. Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау бойынша тәжірибелік дағдыларын дамытты. Зерттеу іс-әрекетіне деген танымдық қызығушылықтары артты. Өсімдіктерге ұқыпты қарауға, оларды сүюге тәрбиелеу жүргізілді. Гүл өсіруге деген қызығушылық қалыптастырылды.



Өсімдік тұқымдары әртүрлі болады: ірі және ұсақ, тегіс және кедір-бұдырлы, жеңіл және ауыр. Олар қайда жасырынады? Жерге қалай түседі? Қай тұқымнан өсімдік шығады? – осы сұрақтарды «Солнышки» ортаңғы тобының балалары бақылап, тәжірибе жасап, зерттеді.


Сәуір айында біз «Пчёлки» ересек тобындағы балалармен «Ерекше ауа» атты шағын эксперимент жүргіздік. Балалар қызығушылықпен тәжірибелік-зерттеу жұмысына қатысып, ауа туралы көп жаңа мәлімет алды.



