school9-sko

«ҰОС тарихының беттері бойынша»

Батыр күні мен Ұлы Отан соғысының 80 жылдығын мерекелеу аясында 7-сыныптар арасында «Кругосветка» атты спорттық-патриоттық КВЭСТ өткізілді. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың патриоттық сана-сезімін қалыптастыру, тарихи мұра мен Ұлы Отан соғысының батырларына құрмет көрсету, физикалық төзімділікті, командамен жұмыс істеу қабілетін және төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындықты дамыту. Сонымен қатар, оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік сезімді, азаматтық жауапкершілікті және Отан қорғаушылардың ерлігіне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру көзделді. Ардагерлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу де басты міндеттердің бірі болды. Квест барысында оқушылардың күш, ептілік, төзімділік және дәлдік сияқты физикалық қасиеттері дамытылды. Сонымен қатар, жергілікті жерде бағдарлау және кедергілерден өту дағдылары қалыптастырылды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх