Отбасы күні аясында «Уақыттың отбасылық аллеясы» атты ағаш отырғызу акциясы өтті. Бұл бастама ұрпақтар сабақтастығының, табиғатқа деген махаббаттың және жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениет пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге деген ұмтылыстың символына айналды. Әріптестеріміз ағаш көшеттерін отырғызып, оларды отбасы құндылықтарының, болашаққа деген қамқорлықтың және мұғалім мамандығының маңызын білдіретін тірі ескерткішке айналдырды.Акцияға «А.Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектеп» құрметті мұғалімдері Раисова Нургуль Суннатовна және Насырова Гульжамал Рашитовна қатысты. Олар — мектеп пен балаларды өмірлік миссиясына айналдырған педагогикалық әулеттің өкілдері. Өз ісіне адалдығы мен өмірлік даналығы оларды тек білім алуға ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға жақсылық жасауға шабыттандырып келеді.Іс-шара жылы және рухани атмосферада өтті. Әр көшеттің жанына оны отырғызуға қатысқан отбасылардың есімі жазылған тақтайшалар орнатылды. Бұл ағаштар — мектеп, отбасы және табиғат арасындағы мызғымас байланыстың символы.Отбасы күні бірлік, мейірімділік пен өзара қолдаудың маңыздылығын тағы да еске салды. Ал туған жердің топырағына тамыр жайған жас көшеттер әлі талай жылдар бойы жүрекке жылу сыйлап, жақсылық пен тәрбиенің күші бар екеніне сенетін жандарды қуанта бермек.