school9-sko

«Менің супер отбасым» фотобайқауы – отбасы құндылығына арналған жарқын бастама

Отбасы – әрбір баланың тірегі, өмір мектебі, махаббаттың мекені. Отбасы күніне орай мектебімізде 5-6 сынып оқушылары арасында «Менің супер отбасым» атты фотобайқау ұйымдастырылды. Бұл шара балаларды отбасы тақырыбына тереңірек үңілтіп, өз отбасыларына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін шығармашылық жолмен жеткізуге мүмкіндік берді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылығын дамыту, отбасылық құндылықтарды насихаттау, балалар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту болды. Қатысушылар байқауға өз отбасыларымен бірге түскен фотосуреттерін ұсынып, әр фотоға жүрекжарды сипаттама қоса жазды. Бұл сипаттамаларда балалар өз отбасыларының ерекшеліктерін, сүйікті сәттерін, бірлік пен мейірімділікке толы отбасылық өмірін бейнелеп берді. «Менің супер отбасым» фотобайқауы оқушыларға өз отбасын мақтанышпен таныстыруға, отбасы туралы ойлануға, мейірімділік пен жақындарына деген сүйіспеншілікті көрсетуге тамаша мүмкіндік берді. Осындай шаралар арқылы оқушылардың бойында отбасыға, туған-туысқа деген жауапкершілік пен құрмет сезімі қалыптасады.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх