Кездесуде құқық қорғау органдарының өкілі сөз сөйледі. Ол өз сөзінде ата-аналардың назарын қараңғыда балаларды бақылауды күшейту қажеттілігіне аударды.
Құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоршаған ортаның жағымсыз әсері мәселелеріне ерекше назар аударылды. Өкіл кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдік ішуіне тыйым салынғанын және мұндай жағдайларға жол бергені үшін жасөспірімдердің де, ересектердің де жауапкершілікке тартылатынын еске салды.
Сонымен қатар тұрмыстық қауіпсіздік, атап айтқанда — терезе қауіпсіздігі мәселесі қозғалды. Ата-аналарға көпқабатты үйлерде балалардың терезеден құлап кету қаупі туралы және арнайы шектеуіштерді, торларды, бекіткіштерді орнату қажеттігі ескертілді.
Жиналыс конструктивті жағдайда өтті. Ата-аналар ақпаратты мұқият тыңдап, өзекті сұрақтар қойды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын нығайтуға және ата-аналардың хабардарлығын арттыруға ықпал етеді.

