24 мамыр күні мектепте «Білімім – Отанымa» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – 2024–2025 оқу жылының қорытындысын шығару, оқушылардың мұғалімдерге құрметпен қарауын, білімге деген жауапкершілігін, оқуға деген ынтасын қалыптастыру, жыл бойы алған білімдерін сараптай білу қабілетін дамыту, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Сынып сағаты барысында оқушылар жыл бойы алған білімдерін қорытындылап, спортта, мектепішілік іс-шараларда және білім саласында «Үздік» деп танылған оқушылар марапатталды.













