Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында біздің мектепте *»Менің Мектепке қауіпсіз жолым»* атты акция өтті. Іс-шараға 2-3 сынып оқушылары қатысты.
Акцияның мақсаты бастауыш сынып оқушыларында жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру, жол қозғалысы ережелеріне саналы көзқарасты дамыту және жол мәдениетінің деңгейін арттыру болды.
Іс-шара аясында интерактивті әңгімелер мен шығармашылық тапсырмалар өткізілді: балалар үйден мектепке дейінгі қауіпсіз бағыттарын сызып, түрлі жол жағдайларын талқылады.
Ерекше назар жолдан өту ережелерін қайталауға, жаяу жүргіншілер өткелін және бағдаршамды дұрыс пайдалануға, сондай-ақ киімдегі жарық шағылыстырғыш элементтердің маңыздылығына аударылды.
Акция достық және танымдық атмосферада өтті. Оқушылар белсенділік, қызығушылық танытып, жол қозғалысы ережелерін жақсы білетіндіктерін көрсетті.







