school9-sko

📸 Тарих және өнер әлеміне саяхат 🎨 🏛

Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған «ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» іс-шара жоспары аясында, мектебіміздің 6-сынып оқушылары Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен «Ботай» арт-галереясына барды.

🧭 Музейде оқушылар туған өлкенің тарихына қызығушылықпен үңіліп, археологиялық олжалармен, этнографиялық экспонаттармен танысты және ата-бабаларымыздың мәдениеті мен тұрмысы жайлы көптеген тың мәліметтер алды.

🧭«Ботай» арт-галереясында жас келушілер шығармашылық атмосфераға еніп: жергілікті суретшілердің бірегей туындыларын, заманауи инсталляцияларды көрді, тіпті интерактивті тапсырмаларға қатысты.

🌟 Мұндай іс-шаралар балалардың таным көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, туған жерге, өнер мен мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

#ҚазақстанБалалары

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх