23 10.2025 «№ 9 орта мектеп » КММ жанындағы шағын орталықта 5 жастағы балалар арасында зияткерлік викторина өтті. Мектепалды және аға топ тәрбиеленушілері «Менің Отаным — Қазақстан» зияткерлік викторинасына қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларда азаматтық пен патриотизм негіздерін қалыптастыру, өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, халық дәстүрлерін құрметтеу болып табылады.








