2025 жылғы 1–12 желтоқсан аралығында Петропавл қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектепте Қазақ тілі апталығы өтуде. Апталыққа қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері белсене қатысып, түрлі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырып жатыр.
Ұстаздар интеллектуалдық ойындар, әдеби кештер, шығармашылық байқаулар сияқты іс-шараларды өткізе отырып, өз тәжірибелерінде жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдануда.
Қазақ тілі апталығы оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға және заманауи білім беру мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға ықпал етуде.

