school9-sko

«8 Наурыз Мерекесі»

Өтетін орны: музыка залы
Қатысушылар: барлық жастағы топтардың тәрбиеленушілері, тәрбиешілер, музыка жетекшісі, ата-аналар.
Тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес шағын орталықта 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: балаларда аналарға, әжелер мен педагогтарға құрметпен қарауды қалыптастыру, эмоционалды жауаптылық пен шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мереке барысында балалар ана туралы өлеңдер оқыды, әндер мен билер орындады, музыкалық-ойын композицияларына қатысты.
Бағдарламаға аналар мен әжелердің қатысуымен сахналау және байқаулар енгізілді, бұл жылы, мейірімді атмосфераны құруға ықпал етті. Балалардың ең жақын адамдарға деген ризашылық пен сүйіспеншілік сезімін дамытуға ерекше назар аударылды.
Тәрбиеленушілер өз қолдарымен жасаған құттықтау хаттары мен ала дайындаған шағын кәдесыйларын табыс етті.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх