12 сәуірде «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асырудың басталуына төрт жыл толды.
Атаулы күн аясында ,16 сәуір күні» №9 орта мектеп » КММ-де 5 сынып қатарында «Тарих білгірлері» атты интеллектуалды-танымдық викторина өткізілді. Ойынды тарих пәнінің мұғалімі Д. с. Ескендирова жасап, өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан тарихы туралы білімдерін тереңдету және бекіту, өз еліне, туған өлкесіне мақтаныш сезімін ояту, патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: оқушылардың ел тарихына танымдық қызығушылығын дамыту; оқушылардың зияткерлік деңгейін арттыру; балалардың шығармашылық қиялын жандандыру;
өз еліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін, оның бай тарихы мен қиын тағдырын, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.