school9-sko

«Рәміздер арқылы-мемлекет тарихын түсінуге» көрмесіне шолу

«Бақытты балалық шақ» жазғы мектеп жанындағы алаңына баратын оқушылар үшін мемлекетіміздің бай тарихи мұрасына, оның қалыптасуы мен дамуының маңызды кезеңдеріне арналған «Рәміздер арқылы — мемлекет тарихын түсінуге» танымдық көрмесіне шолу жасалды. Оның басты мақсаты — балаларды Отанымыздың тарихымен таныстыру.
Балалар Мемлекеттік Тудың, Мемлекеттік Елтаңбаның және Мемлекеттік әнұранның құрылу тарихы мен мәнімен танысты. Ұсынылған материалдар мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігін нығайтуда, оның тарихи мұрасын сақтауда және азаматтық бірегейлікті қалыптастыруда қандай маңызды роль атқаратыны туралы айтып берді. Біз мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихын, олардың авторларын және әр элементтің символдық мазмұнын білдік. Сондай-ақ, мемлекеттік рәміздер мемлекеттің ресми атрибуттары ғана емес, сонымен бірге оның мәдениетінің, дәстүрлерінің, рухани құндылықтарының және дамуға деген ұмтылысының көрінісі екенін біле алды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх