1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.
Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ, оны солай ету – отбасының, қоғамның, мемлекеттің міндеті.
«А.Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ пен «Петушок» балабақшасы бірігіп, Хименко,1 көшесінде орналасқан үйдің ауласында балаларға арналған «Балалық алаңы» атты мерекелік, спорттық іс-шаралар өткізді. Іс-шараға осы ҮЙДІҢ МИБ төрағасы Радченко Ирина Владимировна мен тұрғындар да белсене ат салысты. Мектебіміздің талантты оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады. Балабақша тәрбиешілері ұлттық үстел спорт ойындарын өткізді. Мектептің дене шынықтыру мұғалімдері көңілді эстафета ойындарын өткізді. Сонымен қатар №2 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері балаларға оқу жаттығуларын, төтенше жағдай кезіндегі «дұрыс» іс-әрекеттерді көрсетті.
Іс-шарамыздың соңы флешмобпен аяқталды. Балалар да, тұрғындар да жақсы әсер алып, мәз-мейрам болды.