Бүгін (07.09.2023) Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектепте тілдер апталығы орайында «Қазақ санасының шамшырағы» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс – шараны қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі әдістемелік бірлестіктері дайындады. Осы салтанатқа мектептің барлық сыныптарынан оқушылар қатысты. Жүргізушілер орыс және қазақ тілінде әр өнер көрсетушілерді ретімен айтып қана қоймай, өздері де өлеңдер оқып, әзілдер айтты.
Бірінші әр ұлттың өкілі өзі туралы ана тілінде баяндап, өлең оқыды және би биледі. Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн — «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы — тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осыған орай 10 сынып оқушылары Ахмет өмірінен көрініс қойды. Бастауыш сынып оқушылары да сахнада тақпақтар айтып, кішкентай әншілер ән айтып, көрермендерді өз өнерлерімен тамсандырды. Ахмет өлеңдерінің орысша аудармасын 11 сынып оқушылары мәнерлі түрде орындады. Ал 8 сынып оқушылары өз өнерлерін ағылшын тілінде көрсете алды. Олар сахналық қойылым көрсетіп, ұлы ағартушы Ахметтің өлеңдер ағылшын тілінде баяндады. Салтанатты іс –шара 6 сынып оқушыларының орындауындағы «Атамекен» әнімен тәмамдалды. Тіл апталығына арналған іс-шара жоғары дәрежеде өтті.