02.05.2024 жылы мектептің 9-сынып қыздары үшін 3 — ші қалалық емхананың педиатры Баширов Арман Батырғалиұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу мәселесі талқыланды. ⠀ Дәріс барысында ЖЖБИ қауіп факторлары және аурулардың әрқайсысының сипаттамасы сияқты аспектілер қамтылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының пікірінше, жер шарында әрбір алтыншы тұрғын (шамамен 1 миллиард адам, адам) жыныстық жолмен берілетін аурулардың кез келген түрімен ауырады. Сондықтан жас ұрпақты хабардар ету үшін осындай кездесулер өткізу маңызды және қажет.