22.09.2022 ж.Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Көркем сөз шебері»тақырыбында оқулар өтті. Оқырмандар байқауының мақсаты: қазақстандық патриотизмді және өз Отаны мен өз халқы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, ақынның өмірі мен қызметімен танысу, білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, орындаушылық шеберлігін дамыту. Байқауға қатысушылар, 9-сынып оқушылары Ұлы ұстаз, ұлт мақтанышы Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы бойынша қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқыды.